Суэц каналындағы кемелер кептелісі бірнеше күнде аяқталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суэц каналындағы кемелер кептелісі бірнеше күнде аяқталуы мүмкін

30.03.2021

Қайта ашылған Суэц каналында кемелер кептелісі бірнеше күнде аяқталуы мүмкін. Мұны теңіздегі көліктер қозғалысын қадағалайтын «МарринТраффик» порталы хабарлап отыр. Өзге бір деректерге қарағанда, бұл қатынасты толық қалпына келтіруге 3-4 кетуі ғажап емес. 

Айта кетсек, өткен сейсенбіде осы каналды бөгеген «Эвер Гивен» кемесі кеше ғана босатылды. Оған дейін әйгілі араның арғы-бергі бетінде 422 танкер мен кеме тұралап қалған. Олардың бортында мұнайдан бастап, қара малға дейінгі сан түрлі тауарлар бар. Азия мен Еуропаны жалғайтын ең қысқа теңіз жолынан бүгін 113 кеме ғана өтеді деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу