Нұрсұлтан Назарбаев Сеул қаласында Отан қорғау үшін қаза тапқандар монументіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Сеул қаласында Отан қорғау үшін қаза тапқандар монументіне гүл шоқтарын қойды

10.11.2016
 Нұрсұлтан Назарбаев Сеул қаласында Отан қорғау үшін қаза тапқандар монументіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сеул қаласында Отан қорғау үшін қаза тапқандар монументіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Отан қорғау үшін қаза тапқандар монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Хабарламаларға жазылу