Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарының рухына тағзым етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарының рухына тағзым етті

14.05.2017

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарының рухына тағзым етіп, бас қаладағы Отан-Ана монументіне гүл шоғын қойды. Елбасымен бірге алаңға жиналған ел-жұрт соғыста қаза тапқандарды аза тұтып, оларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне алғыс айтып, мерекелерімен құттықтады. Сосын кешегі қан соғыстан қаймықпай жауға қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен жанқиярлықтары үшін қазіргі ұрпақтың оларға мәңгі қарыздар екенін айтты.

Хабарламаларға жазылу