Ираклий Гарибашвили Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ираклий Гарибашвили Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды

13.11.2014
Ираклий Гарибашвили Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды

Біздің елде ресми іссапармен жүрген Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақ жұртының амандығы үшін жанын пида еткен батыр бабаларға бір минут үнсіз тұрып, құрмет көрсетті.

Кейін Грузин премьері Ұлттық мұражайға барды. Ол мұнда сонау ілкі заманнан күні бүгінге дейінгі қазақтың тарихымен танысты.

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу