Ардагерлерге құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

06.05.2019

Көліктегі полиция департаменті Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өткізіп, сала ардагерлеріне құрмет көрсетті. Алдымен «Мәңгілік ұмытылмас есімдер» монументіне гүл шоқтарын қойды. Қызметте үздік көрінген мамандар марапатталалып, қатарға жаңа қабылданғандары ант қабылдады.

ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде пайдаланылған заттардан шағын көрме ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды. Одан соң қонақтарға дала жағдайында әзірленген тағамдардан дастархан жайылып, емен-жарқын әңгіме ұйымдастырылды. Көпті көрген ардагерлер жастарға ақыл-кеңестерін айтты.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу