Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жақсарту жайы айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жақсарту жайы айтылды

08.11.2016
Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жақсарту жайы айтылды

«Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысы барысында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттары туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласының алдағы 4 жылға арналған стратегиялық жоспары: 2020 жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығын күтіліп отырған 73 жасқа дейін ұзарту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту.

Айта кетейік, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша әлемнің дамыған 30 елінің (ЭЫДҰ) деңгейіне сәйкес азаматтардың денсаулығының көрсеткіштеріне жоспарлы қол жеткізу мақсатында әзірленді.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу