Ертең елордада Бас редакторлар форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордада Бас редакторлар форумы өтеді

27.10.2016
Ертең елордада Бас редакторлар форумы өтеді

Ертең, 28 қазанда елордадағы «Rixos» қонақ үйінде  «100 нақты қадам - Ұлт жоспары» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында орталық және аймақтық деңгейдегі ақпараттық саясат» бас редакторлар форумы өтеді.

Оған Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Ақмола обласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, Informburo.kz порталының бас редакторы Михаил Дорофеев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаев, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ бас редакторы Амантай Шәріп, саясаттанушы, Бас редакторлар клубының құрметті мүшесі Кенжеболат Жолдыбай және  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Евгений Кочетов қатысады.  

Отырыстың басталуы: сағат 17.00-де. Шара Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.

Хабарламаларға жазылу