Ертең елордада дәстүрлі Тамыз кеңесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордада дәстүрлі Тамыз кеңесі өтеді

15.08.2019

2020 жылдан бастап мектепалды даярлық топтарында латын әліпбиі енгізіле бастайды. Қазір емле ережелерінің соңғы нұсқасы дайындалып, Үкіметтің қарауына ұсынылғалы жатыр. Сонымен қатар, білім беру саласында үштілділік, мұғалім мәртебесі, оқулық сапасы сынды мәселелер де өзекті. Аталған проблемалардың шешу жолдары ертең дәстүрлі Тамыз кеңесінде талқы таразысына салынбақ. Елордаға осы мақсатта елдің әр өңірінен ұстаздар қауымы келіп жатыр.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

Қарқынды жүріп жатқан тілдік реформаның ең жауапты мәресіне жеттік. Қазір емле ережелерінің ең соңғы нұсқасы ұсынылады Үкіметке. Жылдың аяғына дейін Үкіметтің қаулысы шығуы керек.

Майра Амантаева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:

Енді бұл Тамыз кеңесінен басқа жылдарға қарағанда үлкен үмітіміз бар. Өйткені жаңа заң қабылдануы керек. Бұл заң мұғалімдердің мәртебесін көтеретін заң болуы керек.

Дамир Сұрағанов, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

Мұғалімнің мәртебесінің төмендеуінің әртүрлі себептері бар. Мысалы, жастардың мұғалімдік мамандыққа көп бармауы. Осы мәселелердің барлығы биылғы Тамыз кеңесінде айтылып, шешімін табады деп ойлаймын.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу