«Медеу» мұз айдыны жаңа маусымын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Медеу» мұз айдыны жаңа маусымын ашты

22.10.2016
«Медеу» мұз айдыны жаңа маусымын ашты

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Қысқы Универсиаданың басталауына 100 күн қалғанына орай ұйымдастырылған «Медеу» мұз айдынында 2016-2017 қысқы жаңа маусымның ашылуы болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүгін жаз кезінде конькимен сырғанауды сағынып қалған мыңға жуық адам жиналды. Мен бүгін барлығыңызды құттықтаймын», - деді Бауыржан Байбек.

Өз сөзінде әкім Универсиада-2017 Алматыны қысқы туризмнің халықаралық орталығы ретінде танытатынын айтты. Сонымен қатар, әкім бүгінгі шарада Универсиада елшілері: режиссер Нұртас Адамбай, шоумен Мұрат Мұтырғанов, байкер Дмитрий Петрухинге халықаралық студенттер спорт сайының өкілі дипломын табыс етті.

«Барлығыңызды «Медеудегі» жаңа маусымның ашылуымен және Универсиаданың басталуына 100 күн қалғанымен шын жүректен құттықтаймын», - деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, ол мұз айдыны әкімшілігі келушілерге баға өзгермегенін, 1800 теңге болып қалғанын хабарлады. Мұз айдыны сейсенбі-жексенбі күндері сағат 10:00-ден түнгі 23:00-ге дейін ашық болады.

Таңғы сырғанақ сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, кешкі 18:00-ден 23:00-ге дейін.

рь

рьпр

рьп

Хабарламаларға жазылу