Павлодардағы «Batyr mall» сауда орталығында 600 орындық мұз айдыны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы «Batyr mall» сауда орталығында 600 орындық мұз айдыны ашылды

13.06.2015
Павлодардағы «Batyr mall» сауда орталығында 600 орындық мұз айдыны ашылды

«Павлодар өңірінің тұрғындары үшін қысқы спорт түрлерінің маңыздылығы зор. Шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей сынды спорт түрлері бойынша тұрғындар 320-ға тарта секцияда жаттығу мүмкіндігіне ие. Өңірде қысқы спорт деңгейін арттыруда жаңа мұз айдыны маңызды роль атқарады деген сенімдеміз», - деді Н. Дычко.

Мұз айдыны халықаралық хоккей лигасының талаптарына сай салынған. Жыл бойы тұрақты жұмыс істейтін арена 600 адамға арналған.

Айта кетерлігі, аренада хоккей және мәнерлеп сырғанауға арналған 400 жалдамалы коньки мен киім ауыстыратын бөлмелер бар. Еске сала кетсек, Павлодар облысында қысқы спорт түрлерімен тұрақты түрде 6380 адам айналысады.

Хабарламаларға жазылу