Ертеңгі «Таңшолпанда». Әуесқой боксшы Ілияс Сүлейменов Қанат Исламның алдағы жекпе-жегінен не күтеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңгі «Таңшолпанда». Әуесқой боксшы Ілияс Сүлейменов Қанат Исламның алдағы жекпе-жегінен не күтеді?

17.10.2016
Ертеңгі «Таңшолпанда». Әуесқой боксшы Ілияс Сүлейменов Қанат Исламның алдағы жекпе-жегінен не күтеді?

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Мақсат Рысбекұлы тікелей эфирде жеке кәсіпті дамытудың тың тәсілдерімен бөліседі. Мол табысқа кенелуді көздесеңіз, «Таңшолпанды» көріңіз.

«Алтын жүрек» жобасының арқасында елімізде 110 миллиард теңгені құрайтын қайырымдылық шаралары толық жүзеге асты. Бұл жобаға кімдер қатыса алады? Басты талаптары қандай?

Бокс жанкүйерлерін жеңісімен ғана емес, сапалы және шапшаң соққыларымен қуантып жүрген әуесқой боксшы Ілияс Сүлейменов  таңғы бағдарламада қонақта. Боксшы Қанат Исламның жекпе-жегінен не күтеді?

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай Ұлттық Банк монета шығармақ. Мерейтойлық монетаның салтанатты таныстырылым рәсімі бойынша әлихантанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы «Таңшолпанға» сұхбат береді.

Көліктің жарықтандыру құрылғыларын дұрыс қосып жүру жол апаттарының азаюына ықпал етті. Келеңсіз жағдайдың алдын аламын десеңіз, жарықты жағудың тәртібін біле жүріңіз.

Астаналық «Барыс» хоккей клубында жас хоккейшілер өсіп келеді. Жаңа буынның дайындығы қалай?

Барыс

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолиядағы өкілі Қабсаттар Омарұлы  «Таңшолпанға» сұхбат береді. Моңғолияның Қазақстанмен рухани-мәдени байланысы қаншалықты дамыған?

қазақ

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жанкүйерлерімен бірге ашық жаттығу өткізді. Дүбірлі дода алдындағы дайындықты бірге тамашалайық.

Франциялық өнертапқыштардың роботы өз иесіне көрпе жаяды, телефонға жауап береді, сөйлеседі. Адамның орнын алмастыра алатын роботтар «Үздік бестік» айдарында.

робот

Ертең сағат 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арна қосулы болсын!

Хабарламаларға жазылу