Инчхон-2014. Ілияс Сүлейменов алғашқы қарсыласын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Ілияс Сүлейменов алғашқы қарсыласын жеңді

25.09.2014
Инчхон-2014. Ілияс Сүлейменов алғашқы қарсыласын жеңді

Инчхон қаласындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Ілияс Сулейменов (52 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

1/16 финалда қазақстандық боксшы таиландтық  Чатчай Батдимен жұдырықтасты.

Ілияс жекпе-жекте айқын басым түсті және үш төрешінің шешімімен келесі кезеңге өтті.

Ілияс Сүлейменов 1/8 финалда индонезиялық Хулио Бриамен 27 қыркүйек күні кешкі сессияда жекпе-жекке шығады.

Ертең шаршы алаңғы шығатын қазақстандық боксшылар:

56 келі: Қайрат Ерәлиев — Джомах Арбаби (Катар). 1/8 финал.

81 келі: Әділбек Ниязымбетов — Элдин Госсун (Сирия). 1/8 финал.

91 келіге дейін: Антон Пинчук — Сергей Паренко (Қырғыз Республикасы). 1/8 финал. 

Хабарламаларға жазылу