kazpravda.kz сайты жаңа форматта ақпарат тарата бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

kazpravda.kz сайты жаңа форматта ақпарат тарата бастады

12.10.2016
kazpravda.kz сайты жаңа форматта ақпарат тарата бастады

«Казахстанская правда» газетінің интернеттегі нұсқасы - kazpravda.kz сайты бүгіннен бастап оқырмандарына жаңаша форматта ақпарат тарата бастады.

 «Казахстанская правда» жалпыұлттық басылымы - еліміздегі ресми және іскерлік ақпараттардың ең басты дереккөзі. «Жылдам, сауатты және нақты!» - республикадағы көпжылғы тарихы бар газет осы ұранмен қызмет етіп келеді.  Қазіргі уақытта 100 мыңнан астам данамен жарық көруде.

kazpravda.kz сайты ғаламтор кеңістігінде орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады. Электронды басылымның әлемнің барлық елінде тұрақты оқырмандары бар.

Хабарламаларға жазылу