«Таңшолпан» бағдарламасының жаңа кезеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасының жаңа кезеңі

12.12.2017

25 жыл ішінде «Таңшолпанда» мыңдаған адам қызмет етті. Бәрінің өзіндік үлесі, өз еңбегі бар. 2012 жылдың 24- желтоқсанында «Qazaqstan» Ұлттық арнасы Астана қаласынан хабар тарата бастады. Бағдарламалар бөлімі толықтай жаңарып, НD форматқа көшті, жаңа орта, жаңа студия, жаңа ғимарат.

 

«Таңшолпан» бағдарламасы осы кезде жаңа кезеңмен тұспа-тұс келді. Бұл ретте тікелей эфирде өтетін бағдарламаның жаңа жүйеге түсуіне атсалысқан қызметкерлердің еңбегі жайлы айтпай кетуге болмайды. Сол уақытта «Таңшолпан» бағдарламасында  еңбек еткен Болатбек Баянхан, Серік Ибрайым, Ғалия Шәудірбаева өткенге шегініс жасады.

Хабарламаларға жазылу