«Kazsport» 10-қыркүйектен HD форматында хабар тарата бастайды  – П.Цыбулин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» 10-қыркүйектен HD форматында хабар тарата бастайды  – П.Цыбулин

15.09.2016
«Kazsport» 10-қыркүйектен HD форматында хабар тарата бастайды  – П.Цыбулин

Дәл қазір «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның кеңейтілген алқа мәжілісі өтуде.

Мәжіліске  ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы қатысып, 2016 жылдың 8 айындағы қаржы-өндіріс қызметінің нәтижесімен бөлісті.

Кеңейтілген алқа мәжілісі кезінде «Kazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин баяндама жасады. Ол «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының  насихатталудағы маңызын, саламатты өмір салтын негіз еткен мақсат-міндеттердің, отандық және шетелдік спорттық оқиғалармен ақпараттандырудың маңыздылығына тоқталды. Ең бастысы – қазақстандықтардың назарын спортқа аудару екенін айтты.

«Телеарна спорт саласы бойынша 7 бағытта қызмет етеді.  Көбіне эфирде кәсіби спортпен байланысты контент беріледі. Олардың қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған жарыстардың жылдық жоспарына және  қазақстандық атлеттердің қатысуымен өтетін  халықаралық сайыстардың кестесіне сәйкес түрлі чемпионаттар мен турнирлерден трансляциялар бар»,-деп атап өтті П.Цыбулин.

Телеарна директоры сонымен қатар, 2015 жылмен салыстырғанда, биыл қазақстандық трансляциялар 10 пайызға өскенін айтты. «Ал, шетелден таратылатын хабарларда қазақстандық командалар мен спортшылар қатысқан жарыстарға басымдық беріледі.  2016 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында көрсетілімдер көлемі кемінде 10 пайызға өскен».

«Шетелден таратылатын хабарлар көлемінің өсуі 2016 жылы екі әлемдік жарыспен байланысты. Олар: футболдан Еуропа чемпионаты және Жазғы Олимпиада ойындары. Көрсетілімдердің көп бөлігін АПЛ, Құрлықтық хоккей лигасы («Барыс» клубының сырт алаңдағы ойындары), Жасөспірімдердің Қысқы Олимпиада ойындары, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты, Олимпиада-2016 квалификациялық турнирлері және Жазғы Олимпиада ойындары алды.

Айта кету керек, кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы атағына таласқан Қанат Ислам, Жанат Жақиянов, Роман Жайлауов және Геннадий Головкиннің рейтингі жоғары жарыстары,  Қазақстан құрамасы қатысқан хоккейден Әлем чемпионаты және Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының квалификациялық раундтарындағы қазақстандық клубтардың матчтары да жоғары рейтинг берді»,-деді П.Цыбулин.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек сағат 00:00-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу