«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады

15.07.2015
«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады

«Балапан» телеарнасы хабар тарату шектерін кеңейтуде. Телеарна 6 шілдеден бастап ерекше қауіпсіздік тәртібімен Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады.

Хабар тарату «БайқоңырБайланысАқпарат» мемлекеттік унитарлық кәсіпорынның жер үстіндегі аналогтық желісі арқылы іске асырылуда.

Хабар тарату қазақ тілінде жүргізіледі. Эфир уақыты - 07:30 – 21:30 аралығы.

Айта  кетейік, «Балапан» телеарнасы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған.  «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіреді.

Хабарламаларға жазылу