Отарда төтенше жағдай болды

27.07.2016
Отарда төтенше жағдай болды

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бүгін Жамбыл облысындағы «Гвардейск» әскери полигонында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды egemen.kz.

Әскерилер арасында өтетін халықаралық ойындарға дайындық кезінде 120 мм минаатқыш жарылды. Оны Ангола командасының жауынгерлері дұрыс пайдаланбаған.  Соның салдарынан бір әскери қызметші ауыр жарақат, бірнеше әскери қызметші жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендер Отар әскери базасының жекелеген медициналық жасағына жеткізілді.

«Ангола елінің командасы 2Б11 минаатқышынан оқ атып жатқанда қауіпсіздік шараларын бұзып,  келісімсіз атыс бекінісінің орнын ауыстырып, ордан шығып кеткен», деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қазір Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің бұйрығы бойынша Қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары, генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың басшылық етуімен комиссия құрылды.

Бұдан бұрын бас төреші – «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауының жетекшісі генерал-майор  Лұт Әлшекенов 13 елдің командасына техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізген болатын.

Хабарламаларға жазылу