Ливияда төтенше жағдай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда төтенше жағдай

19.01.2014
Ливияда төтенше жағдай
Ливия астанасы Триполиде ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан 48 сағатқа төтенше жағдай жарияланды.
 
Мұндай шешім елдің Жалпыұлттық конгресінің кезектен тыс сессиясында қабылданды. Соңғы кездері шиеленіс салдарынан бұл елде жүздеген адам қаза тапқан.
 
Айта кетейік, 2011 жылдың қазанында Муаммар Каддафидің режимі құлағаннан кейін Ливияны заңсыздық жайлап, елді әскериленген бәсекелес топтар бөліп алды.

Хабарламаларға жазылу