23 шілде елордада «Яркокросс» марафоны өтеді
23 шілде сағат 10.00-де Астанада «Яркокросс» қайырымдылық марафоны өтеді. Спорттық, ойын-сауық шарасына елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Яркокросс» - 5 шақырымға жүгіру шарасы, қатысушылар бір-біріне түрлі түсті ұнтақ шашады. Қызықты марафон «Думан» ОО алдындағы тұрақтан басталады.
Шараның мақсаты – астаналықтар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу. Шараға қатысу құны – 1000 теңге, жиналған қаржы елорданы көгалдандыруға жұмсалмақ.
«Яркокросс» марафонындағы басты ереже – түрлі түсті бояулар жұғатындай қатысушылардың бәрі ақ киім киіп келуі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18