Стамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында бірнеше жарылыс болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында бірнеше жарылыс болды (ВИДЕО)

29.06.2016
Стамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында бірнеше жарылыс болды (ВИДЕО)

Стамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында қатарынан бірнеше жарылыс болды. Нақтыланған мәлімет бойынша 36 адам қаза болып,  147 адам жараланған. Жарылысты «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы ұйымдастырған, деп хабарлайды BNews.kz.

28 маусым кешкісін түркиялық БАҚ-та  елдің ірі әуежайында екі жарылыс болғаны туралы хабар тарады. Жарылыстан соң  куәгерлер терминал ғимаратынан қашып бара жатқан қаруланған төрт адамды байқап қалған. Жарылыс әуежайдың кіреберісінде, шығатын жолда және көлік тұрағында болған.

«Мұның барлығын ДАИШ-тың ұйымдастырғаны байқалады, тексеру жалғасып жатыр», - деді Түркияның  Премьер-Министрі Бинали Йылдырым.

Жарылыстан соң әуежайдың көлік тұрағында атыс болған. Түркия билігі оқиғаны теракті деп бағалады.

 

Хабарламаларға жазылу