Алты дүркін паралимпиада чемпионы британдық Дэвид Уир әлемдік рекордты жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алты дүркін паралимпиада чемпионы британдық Дэвид Уир әлемдік рекордты жаңартты

30.05.2016
Алты дүркін паралимпиада чемпионы британдық Дэвид Уир әлемдік рекордты жаңартты

Алты дүркін паралимпиада чемпионы британдық  Дэвид Уир арбамен  бір мильдік қашықтықты небәрі үш минутқа жетпейтін уақыт ішінде бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.

Спортшы Лондонда өткен жарыста  2 минут 57 секунд  уақыт көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып  қиды. Осылайша ол бұрынғы  өз нәтижесінен алты секундқа  асып түсті, деп хабарлайды Associated Press.

«Мен әрқашанда мұны жасай аламын деп айтушы едім. Мен бұлай болуы мүмкін екендігін білгенмін. Сондықтан жаттығу кезінде бар күшімді сарқа жұмсауға тырыстым», - деді  Уир.

Уир Лондон марафонында алты рет жеңімпаз атанды. 36 жасар спортшы Британ империясы орденінің иегері.

Хабарламаларға жазылу