Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының жартылай финал ойындары өтіп жатыр.
Жартылай финалда 54 келі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Дина Жоламан қытайлық Лю Пиаопиаоны ұтып, финалға шықты. Дина финалда болгариялық боксшы Стойка Петровамен жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін финалға қазақстандық боксшылардан 48 келідегі 2014 жылғы Әлем чемпионы Назым Қызайбай шыққан болатын.
Жартылай финал кездесулерді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынады. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.
Айта кетейік, финалдық бәсекені 27 мамыр күні сағат 14:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.