ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген «Таңшолпанға» сұхбат берді.
Бүгін сағат 15:00-де елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қаламгердің «Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
«Тәуелсіздікке дейінгі қазақтың тарихын азаттық тарихы, егемендік идеясы деп атауға болады. Ал, Тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамды біріктіруші фактор қандай болуы керек, қандай идея қажет деген сауал ғалымдардың ізденісіне айналды. Бұл мәселе басылым беттерінде сараланып, баспасөз құралдары арқылы талданды.
«Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры» кітабы да осыған байланысты жазылған ғылыми еңбек. Бұл туындым егемендігіміздің 25 жылдығына тартуым», дейді автор.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.