«Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы Парасат Отан ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы Парасат Отан ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

23.05.2016
 «Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы Парасат Отан ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

24 мамыр, сағат 15:00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақ радиосы директорының орынбасары - «Шалқар» радиосының директоры,     ҚР Мәдениет қайраткері    Болатбек Төлепбергеннің  «Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Қаламгер осыған орай «Таңшолпанға»  сұхбат бермек.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясында «Жас қанат-2016» республикалық жас әншілер байқауының жеңімпазы, семейлік өнерпаз Парасат Отан, әнші, композитор Ғазизхан Шекербек, әнші Ботагөз Алтынбекова қонақта болмақ.

Илья Ильиннің спорттағы жолы мен жеңісі,  ерекше есімдер сыры, ең қызықты үйлену тойлары,  ҰБТ алдындағы ұстаздардың білімін жетілдіру туралы сюжеттер легін де ертеңгі бағдарламадан тамашалай аласыздар.

Естеріңізге саламыз, «Таңшолпан» бағдарламасы эфирге күн сайын 07:00-10:00 аралығында шығады.   

Хабарламаларға жазылу