Ұлттық академиялық кітапханада Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық академиялық кітапханада Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)

24.05.2016
Ұлттық академиялық  кітапханада Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)

Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық  кітапханасында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ радиосы директорының орынбасары - «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Тәуелсіздікке дейінгі қазақтың тарихын азаттық, егемендік идеясы деп атаймыз. Ал, «Тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамды біріктіруші фактор қандай болуы керек, қандай идея қажет?» деген сауал ғалымдардың ізденісіне айналғаны шындық. Бұл мәселе талай рет басылым беттерінде сараланып, баспасөз құралдары арқылы талқыланды. Болатбек Төлепбергеннің кітабы осыған байланысты жазылған ғылыми еңбек

Шараға «Қазақстан» РТРК»АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, Қазақ радиосының басшысы Махат Садық, радионың бағдарламалар директоры Оңғарбек Құралов, «Шалқар» радиосының бас редакторы Серік Сейітман қатысып, ізгі ниеттерін білдірді.

Сондай-ақ, жаңа туындының тұсаукесер салтанатына  Сұлтан Оразалин, Несіпбек Айтұлы, Ғарифолла Есім, Кенжеболат Жолдыбай, Дидар Амантай, Бақытбек Смағұл және т.б бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Олжас Отар, белгілі әнші Досымжан Таңатаров келіп, ән-жырдан шашу шашты.

Болатбек Төлепберген бұған дейін ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері жайында өз авторлығымен және құрастыруымен 20-ға жуық кітапты жарыққа шығарған. «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмдерінің авторы.

Хабарламаларға жазылу