«Батыр ана» байқауының кезекті қатысушысы - Мәдина Жанкиева (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыр ана» байқауының кезекті қатысушысы - Мәдина Жанкиева (ВИДЕО)

18.02.2016
«Батыр ана» байқауының кезекті қатысушысы - Мәдина Жанкиева (ВИДЕО)

Мәдина Жанкиева 19 жасында тұрмыс құрған. Қазір - 27 жаста. Жақын күндері 5-ші баланың анасы атанады. Тұңғышы өзіне қолғабыс етуге жарап қалған.

Отағасы Асхат Қонқаев та әр баласы дүниеге келген сайын, кәсібі өрге домалап, балаларының несібесін тауып отырғанын айтады.  

«Отбасында 7 бала өстік. Ал, әжем өмірге 12 бала алып келген. Кішкентайымнан әжемнің қолында өстім. Қазір ол кісі 56 немере, 87 шөбере сүйіп отыр. Көпбалалы отбасынан шыққаннан кейін мен де көпбалалы болуды қаладым», дейді жас ана.

Ол қазақ әйелі үшін ең қымбат құндылық жанұя мен ұрпақ тәрбиесі деп біледі. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу