ӘЧ – 2016. Бүгін шаршы алаңға қазақстандық боксшы Зарина Цолоева шығады
Бүгін Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының екінші күні. Бүгін шаршы алаңға қазақстандық боксшылардан Зарина Цолоева шығады. Оны қарсыласы – вьетнамдық Ти Лин Ха. Зарина мен Ти Лин бірінші сессияда «А» рингінде жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынады. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.
Әлем біріншілігінің екінші күнін «Kazsport» телеарнасы күндізгі сессиясын сағат 13:40-та, ал, кешкі сессияны 18:40-тан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Ал, финалдық бәсекені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар. Әлем чемпионаты 27 мамырда аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Жаңа Конституцияның өзегі – адам құқықтарын қорғау»
10.03.2026, 17:35
Паралимпиада: Бүгін бес отандасымыз жарыс жолына шықты
10.03.2026, 17:32
Ақтөбелік студент қазақ тілін насихаттап, жұртшылыққа үйретіп жүр
10.03.2026, 17:30
Ақмолалық ғалымдар полигон орнын қайта қалпына келтіру үшін зерттеп жатыр
10.03.2026, 17:26
Қарағандыда жастар Жаңа Конституция жобасын талқылады
10.03.2026, 17:22
Жаңа Конституция жобасы - білім мен ғылымды дамыту
10.03.2026, 17:20
«Саяси реформа Қазақстанның халықаралық беделін күшейтеді»
10.03.2026, 17:17
Қостанайда коалиция мүшелері мәдениет мамандарымен кездесті
10.03.2026, 17:15