ҰОС: Чехияда жерленген қазақстандық тұтқындардың есімдері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰОС: Чехияда жерленген қазақстандық тұтқындардың есімдері белгілі болды

17.05.2016
ҰОС: Чехияда жерленген қазақстандық тұтқындардың есімдері белгілі болды

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Чехиядағы Оломоуцк өңірінің Йесенице округіне барды. Жергілікті билік, қоғамдық ұйым өкілдерімен, іздеуші еріктілермен бірлесіп, ішінде қазақстандық сарбаздар да бар, қаза тапқан кеңес тұтқындарының қабіріне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Йесенице округінде 60-қа жуық неміс еңбек лагері орналасты. Бұл лагерлерде Кеңес Одағынан, Ұлыбританиядан, Франция мен Польшадан 6 мыңға жуық тұтқын сарбаз жұмыс істеп, сол жерде қаза тапты.

Ресейлік және чехиялық қоғамдық ұйымдар, іздеуші еріктілер осы лагерлерде қаза тапқан 1300-ге жуық тұтқынның есімдері мен өмірбаяндарын жинақтады. Оның арасында 16 қазақстандық сарбаз (ақпарат www.obd-memorial.ru сайтына орналастырылған) бар.

Бұл сұрақтар бойынша мына байланыс деректеріне хабарласуға болады: Чехиядағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы Дамир Уажанов, жұмыс телефоны: +420 233 310 671, ұялы телефоны: +420 739 341 414, электрондық почта: d.uazhanov@mfa.kz.

Қазақстан азаматтарын ақпараттандыру үшін Елшілік біздің отандастарымыздың (мәліметтер ішінара толық/нақты болмауы мүмкін) есімін жариялайды:

Жұмағазы Алтыбаев, 1921 ж.т., Алматы облысының тумасы (ауыл «13 наурыз»);
Молдынамов, 18 желтоқсан, 1904 ж.т., Кириловка селосының тумасы;
Алвип (Алби, Әліби) Тайла, 1899 ж.т., Гурьев облысының тумасы (Маңғыстау ауданы);
Смаиыл Бейминов, 1906 ж.т., Ақтөбе облысының тумасы (Ырғыз селосы);
Таш (Тажи, Тас) Өтеғұлов, 1900 (1903) ж.т., Ақтөбе облысының тумасы (Шұбарқұдық селосы);
Сантай Истелеев, 1915 ж.т., Қызылорда облысының тумасы (Октябрьское селосы);
Байеки (Bajeki) Каселбаев, 1912 г.р., Қызылорда облысының тумасы (Қазалы қаласы);
Нарқаш Күлжұманов (Күлшұманов), 1904 ж.т., Жанкелді ауданының тумасы (Берлик/Бірлік селосы).
Шаяхмет (Шейахмед) Сүлеменов (Сүлейменов), 1921 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тумасы (Зайсанск/Зайсан селосы);
Белгібай (Бельгибай) Сүлейменов, 1903 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының тумасы (Зайсан селосы);
Жұмағұл Исмурзин, 20 шілде 1897 ж.т., Қостанай облысы Семиозерный ауданы (Жарқұл ауылы);
Мүфтуәли Досмұхамбетов (Досмухамбетов), 1891 ж.т., Саратов облысы, Банаков ауданының тумасы (Наталин селосы).

 

Хабарламаларға жазылу