Польшалық боксшылармен жұдырықтасатын «арландардың» есімдері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшалық боксшылармен жұдырықтасатын «арландардың» есімдері белгілі болды

20.02.2014
Польшалық боксшылармен жұдырықтасатын «арландардың» есімдері белгілі болды
  Қазақстандық «Астана арландары» бокс клубы 1-ші наурызда Алматыда «Poland Hussars» командасын қабылдайды.  Бұл жекпе-жекте Ұлттық құраманың боксшылары Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Әділбек Ниязымбетов Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
 
52 келі. Ілияс Сүлейменов -  Гжегорж Козловски.
60 келі. Берік Әбдірахманов - Давид Павел Михелус.
69 келі. Данияр Елеусінов – Жора Симонян.
81 келі. Әділбек Ниязымбетов - Казюж Грацьян Зыциньский.
+91 келі. Армен Симонян - Сергей Вервейко.
 
Бұл кездесуден кейін Дүниежүзілік бокс сериясының топтық кезеңі аяқталады.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» 23-ші ақпанда «Cuba Domadores» командасымен кездеседі. Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу