Парламентке баратын депутаттардың есімдері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламентке баратын депутаттардың есімдері белгілі болды

28.03.2023

Мәжіліс депутаты болғандардың толық тізімі жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша «Аманат» партиясына қырық мандат берілген. Депутат болғандардың тізімінде қоғам белсенділерінен бастап, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, айтыскер Ринат Зайытов, белгілі журналистер Мақсат Толықбай мен Нартай Аралбайұлы бар. Ал «Ауыл» партиясы сегіз мандат алды. Арасында президенттікке кандидат болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар. Қазақстан халық партиясына бес орын берілген. Тізім бойынша өткендердің ішінде бірнеше шақырылым депутат болған Маггеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова бар. «Ақжол» партиясына алты мандат бұйырды. Депутат болғандардың тізімінде Дания Еспаева, Қазыбек Иса және Азат Перуашев бар. «Respublica» партиясында да алты мандат. Олардан Айдарбек Қожаназаров, Руслан Берденов депутат болған. Ал «Жалпыұлттық социал-демократиялық» паритясынан төрт адам депутат болды. Олар Нұрлан Әуесбаев, Асхат Рақымжанов, Ажар Сағындықова және Наурыз Сайлаубай.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу