Алматыда ең үздік кітапханашылардың есімдері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ең үздік кітапханашылардың есімдері белгілі болды

17.10.2014
Алматыда ең үздік кітапханашылардың есімдері белгілі болды

«ХХІ ғасыр кітапханалары – жаңа мақсаттар» атты халықаралық конференция аясында Қазақстанның ең үздік кітапханашылары марапатталды.

Басқосу  - кітапхана-ақпараттық инфрақұрылым және оған жақын салалардың даму жетістіктері мен инновацияларды талқылау алаңы.

Білім беру, баспа ісі, ақпараттық қызметтің құқықтық аспектілері, электронды кітаптардың болашағы, заңнамалық мәселелер мен бастамалар, халықты электронды және мәтіндік ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.

Бүгінгі күні Қазақстанда 11 мыңнан аса кітапхана бар.

Ең үздік кітапханашылар қатарына Қазақстан орталық кітапханасы, Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның жанындағы кітапхана қызметкерлері енді.

Хабарламаларға жазылу