Теннистен Швейцария құрамасының тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннистен Швейцария құрамасының тізімі жарияланды

24.02.2014
Теннистен Швейцария құрамасының тізімі жарияланды
Теннистен Швейцария құрамасының капитаны Северин Люти Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстанмен өткізетін ойында кортқа шығатын теннисшілердің есімдерін атады.
Тізімге Станислас Вавринка, Роджер Федерер, Марко Чудинелли, Генри Лааксонен және Михаэль Ламмер ілінген.
 
Нақты құрамға тек 4 теннисші енеді. «Біз Женеваға бес ойыншымен барамыз. Құрамадағы өзгеріс тек соңғы сәтте белгілі болады», - деді Люти.
 
Айта кетейік, сәуірдің 4-6 аралығында Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан мен Швейцария құрамалары кездеседі. Бұған, дейін Женевада өтетін ойында кортқа шығатын қазақстандық теннисшілердің есімдері белгілі болды.

Хабарламаларға жазылу