Үндістанның басым аумағында аптап ыстық орын алды. Ауыз судың жетіспеушілігі салдарынан 330 млн адам тұратын 256 округ зардап шегуде, деп жазды ТАСС.
«Жағдай оңтүстікте орналасқан Одишья, Теланган және Андхра-Прадеш штаттарында ушығып тұр. Мұнда соңғы екі аптада шамамен 500 адам мерт болды», - делінген хабарламада. Одишьяда бірнеше рет елдегі ең жоғары температура байқалған. Мұнда сынап бағанасы Цельсия бойынша +48 градусқа жеткен.
Аптап ыстық салдарынан Одишьяда 198 адам, көршілес Теланганда 260 астам, Андхра-Прадеште 70-тен астам адам ажал құшты. Ғалымдар алдағы уақытта ыстық қайтпайтынын айтып отыр.
«Бұл жаз соңғы 100 жылдағы ең ыстығы болады, оңтүстіктегі ең жоғарғы температура 48 градустан асуы мүмкін», - деп санайды Үндістанның метеорологиялық қызметінде.