Қазақстанда жексенбі күні жауын-шашынды болып, найзағай ойнайды, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жексенбі күні жауын-шашынды болып, найзағай ойнайды, жел күшейеді

15.05.2016
Қазақстанда жексенбі күні жауын-шашынды болып, найзағай ойнайды, жел күшейеді

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында  кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Қостанай облысында тұман түседі.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с,  ұйытқуы 23 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде  жел 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 3 градусқа дейін қатқақ болады. 

 

Хабарламаларға жазылу