АЭФ-2016: Әлемдік көшбасшылар жаһандық экономиканы жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ-2016: Әлемдік көшбасшылар жаһандық экономиканы жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіруде

12.05.2016
АЭФ-2016: Әлемдік көшбасшылар жаһандық экономиканы жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіруде

Аталмыш шара «Жаңа экономикалық шындық: білімді әртараптандыру, инновациялар және экономика» ұранымен өтеді.

Бұл әлем экономикасындағы өзекті тақырыптардың бірі.  Осыған қарай, биыл АЭФ-на қатысуға бизнес, ғылым мен инновацияларда жаһандық жетістіктерге жеткен әлемдік көшбасшылар дайын екендіктерін білдіріп отыр. Бүкіл әлем сарапшылары экономиканың дамуына, елдердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ бизнесті сапалы жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететін  барынша тиімді стратегиялар және тәжірибелерімен бөлісу үшін  диалог алаңына жиналады.

Жиын барысында сөз сөйлейтіндердің арасында  AliBaba Group - интернет-коммерция саласындағы Қытай компаниясынның негізін қалаушы Джек Ма да бар. Ол  АЭФ-ке қатысу үшін Қазақстанға бірінші рет келеді. Форумда Ма келешек онлайн-сауда туралы баяндама жасайды.

АЭФ-2016 спикерлерінің арасында Колумбия Университетіне қарасты Жер институтының директоры, профессор Джеффри Сакс та бар. Профессор Сакс орнықты даму саласында профессор, Колумбия Университетінің денсаулық сақтау саласы бойынша саясат және басқару профессоры болып табылады. Ол БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға орнықты даму мәселелері бойынша консультация береді.   Джефри Сакс сондай-ақ, АЭФ-ның панельдік сессияларында спикер ретінде баяндамалар жасайды.

Форум жұмысына АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганның экономикалық кеңесшісі Дарон Аджемоглу мен Ұлыбритания Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің кеңесшісі Артур Лаффер, сондай-ақ «Валютные войны» бестселлерінің авторы Сун Хунбин қатысады.

Жиынды ұйымдастырушылар оған белгілі саясаткерлер мен сарапшылардың қатысуы форумға деген қызығушылықты және оның мән-маңызын арттыра түседі деген ойда.

Хабарламаларға жазылу