Мемлекет басшысы Mercedes-Benz Group компаниясының басшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Mercedes-Benz Group компаниясының басшысымен кездесті

29.09.2023

Мемлекет басшысы Mercedes-Benz Group компаниясының басқарма төрағасы Ола Каллениуспен кездесті. Онда автокөлік индустриясы және инновациялық шешімдер салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Президент Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға және өнеркәсіп өндірісін дамытуға ұмтылатынын атап өтті. Бұл стратегияда машина жасау саласы ерекше орын алады.

Неміс автоконцернінің басшысы Президентке компанияның жаһандық жеткізу тізбегін дамыту ісіндегі тың тәсілдер және Қазақстан экономикасы үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы мәлімет берді.


Хабарламаларға жазылу