Ауған соғысы ардагерлеріне арналған автошеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған автошеру өтті

08.02.2014
Ауған соғысы ардагерлеріне арналған автошеру өтті
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай, Семейде автошеру ұйымдастырылды. Шараны қолға алған «Жастар орталығы» алдын ала ғаламтор арқылы хабарлама таратып, акцияға үн қосуға қала жастарын шақырған. Жиналған көліктер қала көшелерімен, Мемлекеттік Туды ұстап, жүріп өтті.
 
Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Шараға қатысушылар осылайша жат жерде қаза болған батырлардың ерліктеріне құрмет көрсетті. Бүгінде Семейде 500-ге жуық интернационалист жауынгер бар. «Өскелең ұрпақ тарихтан тағылым, өткеннен өнеге алса, батырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды»,- дейді ардагерлер.
 
Боранбай Бегатов, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы:
18 жаста қаза тапқан, сонау ауған жерінде интернационалдық борышын орындаған ағаларын, Семейден шыққан батырларды мәңгілік еске алып, жастарға таныстырып, біліп отырса, әрине келешек жастар үшін үлкен тәрбие болады.

Хабарламаларға жазылу