«Мәңгілік полк» акциясы Латын Америкасында өтті
|
«Мәңгілік полк» акциясын қолдаушылар Латын Америкасында да бар. Отан соғысына қатысушыларды ұлықтауға арналған акция Ресей мен ТМД елдерінен бөлек, Латын Америкасында өтті.
Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне шеруді ұйымдастырушылардың бірі Сергей Лапенков хабарлады.
«Мәңгілік полк» акциясы алғаш рет 2012 жылы Томскіде өтті. Ал, 2013 жылы Қазақстан, Ресей, Украина елдерінде 200 мыңға жуық адам қала көшелеріне майдангерлердің портреттерін алып шықты.
Биылғы жылы шеруді өткізуге Израиль, Қырғыз Республикасы және Баларусь елдері ниет білдірген. Оған барлығы 450-ге жуық қала мен елді мекеннің тұрғындары қатысты. Сергей Лапенковтың айтуынша, қатысушылардың нақты саны мен акцияны өткізуші аймақтар бір апта ішінде анықталады.
Акцияны ұйымдастырушылар биылғы жылы 9-мамырда ««Мәңгілік полк» құрамынан барлығы жарты миллионға жуық адам шығады деп жоспарлаған.
Жеңіс күні Барнаул көшелеріне 20 мыңға жуық адам, Тулада - 22 мың тұрғын, Вологда мен Новокузнецкіде – екі мыңға жуық адам, Томскіде 25 мыңға жуық адам қала көшелеріне майдангер жауынгерлердің суреттерін алып шықты.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 20:28
БҚО-да автогаз толтыру компрессорлық стансасы салынды
20.07.2026, 20:18
Шымкентте аптапта тағам арқылы таралатын инфекция көбейді
20.07.2026, 20:15
«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
20.07.2026, 20:14
АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге талап күшейтілді
20.07.2026, 20:12
Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды
20.07.2026, 20:11
Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады
20.07.2026, 20:10
Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
20.07.2026, 20:08