Жұпар Қожақ: 9 мамыр - Жер шарының жартысы тойлайтын жалғыз мереке (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұпар Қожақ: 9 мамыр - Жер шарының жартысы тойлайтын жалғыз мереке (ВИДЕО)

09.05.2016
 Жұпар Қожақ: 9 мамыр - Жер шарының жартысы тойлайтын жалғыз мереке (ВИДЕО)

Ақын Жұпар Қожақ және композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Серікжан Әбдінұров «Таңшолпанда» қонақта.

«Бүгін  - ұлы күн. Дүниежүзі тарихында Жеңіс күнінен асқан мереке жоқ. Діни, ұлттық мерекелер әр елге бөлінеді.  Күллі Еуропа, Жер шарының жартысы тойлайтын жалғыз мереке бұл - 9 мамыр», дейді ақын Жұпар Ақтомпышқызы.

Сұхбат барысында ақынның сөзіне жазылған Серікжан Әбдінұровтың «Ұлы Жеңіс» атты әнінің шығу тарихы туралы айтылды.

Жұпар Қожақ:

«Еліме қандай сый жасасам?» деген сауал әр азаматты толғандырады. Бізде де рухты, жеңіс туралы әндер болуы керек деген оймен жазылған өлең еді.  

Серікжан Әбдінұров:

Әннің сөзін оқығанда қатты тебірендім. Себебі, соғысқа әулетімізден екі адам қатысқан. Сазгер ретінде Жеңіс мерекесіне қосқан үлесім болсын деген ниетпен дүниеге келді. Осы орайда Ұлттық арнаға алғыс білдіре кеткім келеді. Өткен жылы 9 мамыр қарсаңында әнге бейнебаян түсіріп, күллі түркі жұртына таратты.

 

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу