Илон Маск Starlink интернетін дамытуға 30 млрд доллар жұмсамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Маск Starlink интернетін дамытуға 30 млрд доллар жұмсамақ

30.06.2021

Әйгілі миллиардер, өнертапқыш Илон Маск «Старлинк» спутниктік интернетіне 20-30 миллиард доллар инвестиция салатынын жариялады. Себебі, бұл ғарыштық байланыс жүйесі жедел өсіп келеді екен. Мұны Маск Барселонада өтіп жатқан Мобильдік Әлем Конференциясы барысында берген видео сұқбатында айтты.

Starlink-те қазір 1500-ден астам жерсерік бар. Олар он шақты елге қызмет етіп, алдағы 12 айда Жер шарының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын жарты миллион адамды жедел интернетпен қамтамасыз етпек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу