Қазақстанда мереке күндері қалааралық телефон байланыстары тегін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мереке күндері қалааралық телефон байланыстары тегін болады

18.05.2016
Қазақстанда мереке күндері қалааралық телефон байланыстары тегін болады

Жеңілдіктер 100 пайыз күллі Қазақстан бойынша тіркелген нөмірлер қоңырауларына ұсынылады, атап айтсақ, мына мереке күндері: Жаңа жыл (1 қаңтар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (22 наурыз), Қазақстан халықтарының бірлігі күні  (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Астана күні (6 шілде), Қазақстан Республикасы Конституция күні (30 тамыз), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан), ҚР Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан). Жеңілдік  мереке күндері сағат 00:00-ден келесі күнннің сағат 00:00-ге дейін әрекет етеді.

«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы Төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, «Мереке күндері берілген қосылыстар санын талдау қалааралық қосылыстар мен қалалық телефон арқылы облыс бойынша қоңыраулар абоненттер арасында сұранысқа ие екенін көрсетті. Сондықтан біз мереке күндерін айқындап, абоненттердің тегін қоңырау шалуына мүмкіндік жасадық».

Тегін қалааралық қоңырауларды абоненттер Астана күнінен бастап пайдалана алады.

Хабарламаларға жазылу