Елбасы: Қ.Өскенбаев министрді де, Үкіметті де жерге қаратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Қ.Өскенбаев министрді де, Үкіметті де жерге қаратты

05.05.2016
Елбасы: Қ.Өскенбаев министрді де, Үкіметті де жерге қаратты

«Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің шешіміңізді ескере отырып, тағы  да айтарым, Жер кодексінің жаңа нормалары керек өзгерістер деп ойлаймын. Жаңа нормалар әлем елдерінің тәжірибесінде кездеседі. Қоғамдағы жағдайды ескере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Сізден мені ұлттық экономика министрі қызметінен отставкаға кету туралы өтінішімді қабылдауыңызды сұраймын. Осы сәтті пайдалана отырып, сенім артқаныңыз үшін, Үкіметте әртүрлі қызметтерді сеніп тапсырғаныңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Үкіметтегі әріптестерімнің барлығына да айтар алғысым бар», - деді Е.Досаев Президент алдында сөз ала отырып.

Бұған қатысты Мемлекет басшысы: «Досаев тиімді жұмыс істеген министрлердің бірі, бірақ дәл мына жағдайда мен сенің отставкаңды қабылдаймын. Ал, Өскенбаев берген тапсырманы орындай алмады, сондықтан, жұмыстан босатамыз. Қайырбек Өскенбаев Жер кодексіне өзгерістер енгізу бағытын басқарған еді. Ол осы заң жобасын әзірледі, оны қабылдау жөніндегі жұмыстарды тізгіндеді.  Бірақ, сені де, Үкіметті де жерге қаратты», - деді.

Хабарламаларға жазылу