Суданда әскери төңкеріске қарсы шерулер жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда әскери төңкеріске қарсы шерулер жалғасып жатыр

26.10.2021

Суданда әскери төңкеріске қарсы шерулер жалғасып жатыр. Тұрғындар мемлекет астанасы мен елдің біраз бөлігінде жолдарды бөгеп, дөңгелектерді өртеп, армиядан билікті азаматтық үкіметке қайтаруды талап етті. Және де орталық банк қызметкерлері мен дәрігерлер жұмысты доғарған.

Соңғы мәліметке қарағанда, жауынгерлер көпшілікке оқ атып, 10 адамды мерт қылды. Жараланғандар 140-қа жетіп отыр. Дүйсенбі күні төңкеріс лидері – генерал Абдел Фаттах Бурхан жақтастары азаматтық үкіметті таратып, премьер-министрді тұтқындап, елде төтенше жағдай жариялады.

Содан кейін ел астанасы Хартумның халықаралық әуежайы жабылып, интернет тоқтап, бірқатар аудандарда телефон байланысы үзілген.

Судан армиясының әрекетін АҚШ, Еуропа одағы, Араб лигасы айыптады. Ал Вашингтон бұл мемлекетке 700 миллион доллар экономикалық көмек бағдарламасын тоқтатты.


Судан

Хабарламаларға жазылу