Арменияда шерулер жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда шерулер жалғасып жатыр

26.04.2018

Армения астанасы Ереванда шерулер бүгін де жалғасып жатыр. Бұл акция оппозиция мен билік арасындағы келіссөздер кейінге қалдырылғаннан кейін қайта басталды.

 

Демонстранттар үкіметті түбегейлі өзгертуді талап етіп жатыр. Парламент болса, жаңа премьер-министрді мамырдың 1-інде сайлауға келісті.

 

Сонымен қатар, биліктегі коалициядан үш министр мен бір губернатор отставкаға кетті.

 

Оппозиция лидері Никол Пашинян министрлер кабинетін басқаруға дайын. Оның сөзінше, Ресей Армениядағы жағдайға араласпауға сендірген.

 

Және де бүгін республиканың Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян елде қалыптасқан саяси дағдарыс жөнінде Мәскеуде келіссөз жүргізуі тиіс.

 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу