ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ. Өскенбаев қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ. Өскенбаев қызметінен босатылды

05.05.2016
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ. Өскенбаев қызметінен босатылды

«Бұл жұмысқа (жер заңнамасына) ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жауапты болған. Оны жұмыстан босату керек. Ол жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай, сенің (Ерболат Досаев) және Үкіметтің сенімін ақтамады», - деді Елбасы.

Бұл қызметке Қайырбек Айтбайұлы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 918 қаулысымен тағайындалған болатын.

Осының алдында ол 2004 жылдан ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті төрағасы, 2006 жылғы мамырдан ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2007 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы мамыр айы аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі, 2013 жылғы ақпан айынан ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі лауазымдарында қызмет етті.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу