ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаев қызметінен кетуге өтініш берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаев қызметінен кетуге өтініш берді

05.05.2016
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаев қызметінен кетуге өтініш берді

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев өз еркімен отставкаға кетуге өтініш берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұл қызметке Қайырбек Айтбайұлы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 918 Қаулысымен тағайындалған болатын.

Осының алдында ол 2004 жылдан ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитет төрағасы, 2006 жылғы мамырдан ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2007 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы мамыр айы аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі, 2013 жылғы ақпан айынан ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі лауазымдарында қызмет етті.

Хабарламаларға жазылу