ҚР Үкіметінің Қаулыларымен бірқатар министрлікте вице-министрлер тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Үкіметінің Қаулыларымен бірқатар министрлікте вице-министрлер тағайындалды

14.08.2014
ҚР Үкіметінің Қаулыларымен бірқатар министрлікте вице-министрлер тағайындалды

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып Марат Құсайынов, ал Мәдина Әбілқасымова, Тимур Жақсылықов, Қайырбек Өскенбаев Ұлттық экономика вице-министрлері болып тағайындалды.

Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі - Жеңіс Қасымбек, ал вице-министрлер қызметін  Асқар Жұмағалиев, Альберт Рау және Ерлан Сағадиев атқарады.

Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі қызметіне Ұзақбай Қарабалин тағайындалса, Талғат Ахсамбиев, Бақытжан Жақсалиев, Мағзұм Мырзағалиев вице-министрлер болды.

Қаржы министрлігінде Лена Кармазина вице-министр болып тағайындалды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде бірінші вице-министрі – Салидат Қайырбекова, ал Светлана Жақыпова, Дәулет Арғындықов, Серікбол Мусинов вице-министрлер болып тағайындалды.

Мәдениет және спорт министрлігінде Марат Әзілханов, Асқар Бөрібаев және Тастанбек Есентаев вице-министрлер болып тағайындалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ерлан Нысанбаев вице-министр қызметін атқарады.

www.primeminister.kz

 

 

Хабарламаларға жазылу