Фатима Жақыпова қызметінен босатылды

13.11.2019

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Үкіметтің қаулысымен қызметінен босатылды.

Бұған дейін экс-шенеуніктің ғылыми атағына қатысты шу шыққаны мәлім. Атап айтқанда, ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде Жақыпованың докторлық диссертациясы плагиат, заңсыз ғылыми атақ берілген деген әртүрлі әңгіме тараған еді. Тіпті вице-министр осы жағдайға байланысты түсініктеме беріп, заң алдында өз құқығын қорғауға кірісті. Өз кезегінде ол жазған ғылыми жұмысын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына тексертті. Экономика ғылымдарының докторы өзіне қатысты айтылған айыптаулардың барлығы негізсіз екенін түсіндіргенімен, ақырында қызметінен кетті. 

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу