«Жаңа есім» айдарында - егіз гитарашы Асан мен Зәуре Нарботаевтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа есім» айдарында - егіз гитарашы Асан мен Зәуре Нарботаевтар

05.04.2016
 «Жаңа есім» айдарында - егіз гитарашы Асан мен Зәуре Нарботаевтар

Егіз гитарашы Асан мен Зәуре Нарботаевтар  мектеп жасынан түрлі аспапта ойнайды. Олар  арнайы музыкалық білімді Ташкентте алған. Қазір П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері.

Жас өнерпаздар республикалық және халықаралық жарыстардан талай рет жүлдемен оралған. Классикалық жанрдағы туындыларды гитарамен шебер орындайды.

«Алдағы мақсатымыз – гитара аспабында ойнауды дамытып, кәсіби маман атану»,-дейді Зәуре.

Асан Нарботаев домбыра, қобыз, баян, гитара, пианино сияқты бірнеше аспаптың басын қосқан «Думан VIA» тобында бір жылдай өнер көрсетті.

«Негізінде біз классика бағытында өнер көрсетеміз. Бірақ, латино стилінде де ойнайтын кездер болады»,-дейді Асан Нарботаев.

Толығырақ «Таңшолпанда».

 

Хабарламаларға жазылу