Таңғы жыр. Айсәуле Бейсенхан. «Сүйкімді» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы жыр. Айсәуле Бейсенхан. «Сүйкімді» (ВИДЕО)

11.04.2016
Таңғы жыр. Айсәуле Бейсенхан. «Сүйкімді» (ВИДЕО)

Сендей мені ешкім әуре етпеген,

Сендей менің бағама ешкім жетпеген.

Сондықтан да сүйе тұра өзіңді,

Сүйе тұра жек көрем.

 

Сендей ешкім жан шуағын жаймаған,

Сендей ешкім қатыгез ғып қоймаған.

Сондықтан да ойланбайын деп жүріп,

Сен туралы ойланам.

 

Сендей ешкім іңкәр етіп өзіне,

Сендей ешкім сендірген жоқ сөзіне.

Сондықтан да қарай тұрып қарамай,

Өте шығам көзіңе.

 

Сендей ешкім ұрламаған ұйқымды,

Сендей ешкім сыйлаған жоқ күй түрлі.

Сондықтан да, сүйкімсізсің деп тұрып

Іштей айтам «Сүйкімді».  

Хабарламаларға жазылу